Главная » Статьи » ОО "МОО по ЗПП" » Тауар ауыстырылмайды және қайтарылмайды! Алайда әрдайым бұлай болуы мүмкін емес

Тауар ауыстырылмайды және қайтарылмайды! Алайда әрдайым бұлай болуы мүмкін емес


Осындай хабарландыруларды біз сауда нүктелерінен жиі кездестіреміз. Алайда, осылай деп бизнес субъектілерінің кесіп айтуы бекер, осы арқылы олар тұтынушыны шатастырады.
ҚР «Тұтынушының құқығын қорғау туралы»Заңымен сәйкес келмеген тауарды қайтаруға болатыны туралы негізделген. Қоғамдық бірлестіктің ұзақ жылғы жұмысының нәтижесінде қолданыстағы заңнамамен көзделген негіздер болған кезде, кез-келген тауарды қайтаруға болатыны дәлелденді.
Мақалада дәріханаларда сатылатын тауарлар туралы сөз қозғамақпыз. Дәріханаларда дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдардың сатылатыны баршаға белгілі. Қайтару тәртібі, дұрысы дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдардың қайтарылуына тыйым салу ҚР «Тұтынушының құқығын қорғау туралы»Заңының 30 бабымен көзделген. Яғни, ондай тауарлар қайтарылуға жатпайды. Мұндай заң нормасы бірінші кезекте тұтынушының мүддесін қорғайды. Себебі, осындай тауарларды қайтару жағдайында сатып алушы тауардың сақталу шарттарын, орамын бұзып, өзін бүлдіріп алуы мүмкін және т.б. ал дәріханалар қайтарылған тауарды сатып алған өзге сатып алушыларға тауардың қауіпсіз екеніне кепілдік бере алмайды.
Алайда, сатып алушының дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдардың қайтарылуына шек қою талабы тек тиісінше сапалы тауарларға ғана таратылатынын білуі тиіс.
Егер дәрі-дәрмектерді тиісті сапасы болмаса-мерзімі өтіп кеткен, орамы бұзылған болса, құты ішіндегі таблеткалар үгітілген, яғни сатып алынған дәрі-дәрмектердің сапасы күмән туғызатын болса, тұтынушы мұндай тауарлардың да қайтарылуы тиіс екенін есте сақтауы қажет, себебі олар адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Қоғамның тәжірибесінен: «Тұтынушы құқығын қорғау бойынша Маңғыстау облыстық қоғамы» ҚБ-не Ақтау қаласының тұрғыны шағыммен келді, ол дәрі-дәрмектердің орамын ашқаннан кейін ғана таблеткалардың үгілгенін байқағанын, яғни таблеткалардың сыртқы қабығы бұзылғанын анықтаған. Дәріханаға барғанда оған мұндай дәріні ауыстыруға болмайды деп қабылдаудан бас тартқан. ҚР «Тұтынушының құқығын қорғау туралы»Заңының сапасыз тауарды қайтарып беру тәртібін реттейтін нормасын қолданып, Қоғамдық бірлестік сол дәріхананың меңгерушісіне
қатесін түсіндірген соң, даулы мәселе шешіліп, күдік туғызған дәрілік препарат дәріханаға қайтарылды.
Медициналық бұйымдардың қайтарылуына қатысты мәселеде сатушы да, сатып алушы да мұқият қарауы тиіс. Себебі дәріханаларда немесе өзге сауда нүктелерінде сатылатын тауарлардың барлығын да медициналық бұйымдардың қатарына жатызуға болмайды.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен бекітілген дәрі-дәрмектің, медициналық бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласының көтерме және бөшек саудаға рұқсат етілген дәрі-дәрмектің, медициналық бұйымдардың және медициналық техниканың қатарына жатпайтын тауарлардың тізімі бар. Олар мына тауарлар:
Санитарлы-гигиеналық саланың бұйымдары;
Ауыз қуысының күтіміне арналған бұйымдар;
Науқастардың күтіміне арналған бұйымдар; Науқастардың және мүгедектердің қызметі бұзылған және (немесе) жойылған ағзаларының жұмысын оңалту немесе қалпына келтіруге арналған бұйымдар. Балалардың, сонымен қатар жаңа туылған нәрестелердің күтіміне арналған нәрселер мен бұйымдар;
Балаларға арналған, диеталық, емдік-профилактикалық тағам өнімдері және биологиялық белсенді қоспалар. . Тері және шаш күтіміне арналған косметикалық бұйымдар, гигиеналық ерін далабы. Минералды, емдік, асханалық, емдік- асханалық ауыз су. Дезинфициялық бұйымдар және инсектицидтер (бөлшек саудаға арналып бөліп өлшенген). Оптика бұйымдары, көздің көруін түзетуге арналған оптикадан өзгелері.
Қайнар көзі: сайт http://adilet.zan.kz/rus/

Көріп отырғанымыздай, келтірілген тізбеде дәріханаларда сатылатын және қайтаруға жататын тауарлардың үлкен тізімі бар, бұл тауарлардың сапасы жақсы болған күнде олар 14 күн аралығында қайтаруға жатады. Алайда олар ешбір пайдаланылмаған, өзінің тауарлық қалпын, тұтыну қасиеттерін, пломбаларын, таңбаларын, сондай-ақ осы тауар белгілі бір сатушыдан және көрсетілген сомаға сатып алынғанын растайтын чегі сақталған болуы тиіс.
Ал егер бұл тауарлардың сапасы тиісінше болмаса, оларды кепілдік мерзімі аралығында қайтаруға болады, егер ол тауарға кепілдік мерзімі бекітілген болса, немесе жарамдылық мерзімі ішінде. Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі бекітілмеген болса, тауардың кемшілігіне қатысты талаптарды тұтынушы тауар тұтынушыға берілгеннен кейін 2 жыл ішінде кемшілігі анықталған болса, егер одан да ұзақ мерзім ҚР заңнамасымен немесе Шартпен бекітілмесе, қоя алады.
Қоғамдық бірлестік тұтынушыларға тек сәтті сатып алулар тілейді!

Мақала «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ – мен «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің 2017 жылғы жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған.
 
«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031