Главная » Статьи » ОО "МОО по ЗПП" » Тұтынушының тауар, жұмыс, қызмет туралы ақпарат алу құқы немесе сатушының осы ақпаратты ұсыну міндеті туралы

Тұтынушының тауар, жұмыс, қызмет туралы ақпарат алу құқы немесе сатушының осы ақпаратты ұсыну міндеті туралы


«Тұтынушының құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы тауар сатушыны да, оны дайындаушыны да, сонымен қатар жұмыс пен қызметін ұсынушыны да өзі өнімдер туралы ақпарат беруге міндеттейді. Осы заң нормасын тәжірибеде қалай қолдану керек? Мысалы, дәрі-дәрмек сатып алғанда.
Ақтау қаласының тұрғыны қымбат бағаға дәрі-дәрмек сатып алады. Бұл дәрінің жарамдылық мерзімі тез арада аяқталуы тиіс болатын, ал ол уақыт аралығында тұтынушы ол дәріні толықтай пайдаланып үлгермейтін болып шықты. Оны мөлшерінен артық қолдануға тағы болмайды. Дәріні сатқан кезде сатушы оның жарамдылық мерзімі орамында көрсетілген күні аяқталатыны туралы ақпарат бермеген. Сатып алған адам дәріханадан шықпай жатып, дәрінің жарамдылық мерзімімен танысып, оның аяқталуы жақын екенін, сол арада өзінің бұл дәріні толықтай пайдаланып үлгермейтінін түсініп, оны қайтарып беру туралы шешімге келеді. Алайда, онығ бұл ойы жүзеге аспайды. Сатушы барлық сауда орындарында қолданылатын сатып алынған тауар кері қайтарылмайды деген хабарландыруды алға тартады.
Өзінің құқын қалай қорғау керектігін жақсы білетін қала тұрғыны сол жерде телефон арқылы «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ – не хабарласып, өзінің осы жағдайда өз құқын қорғамақ ниетінің дұрыс екенін растауды сұрайды.
Тұтынуышының өтініші бойынша, Қоғамдық бірлестік дәріхана қызметкеріне сатушы тауардың жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты ұсынуы қажет екенін және тұтынушыға тауардың жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі аяқталғанша тауарды тиісінше пайдаланып үлгеретіндей есеппен беруі қажет екенін «Тұтынушылар құқығын қорғау» заңнамасына сүйене отырып, түсіндірді.
Түсіндіру жүргізілген соң дәріхана тауарды қайтып алып, оның құнын сатып алушыға қайтарып беруге мәжбүр болды.
Тұтынушылар өз құқыларын өздері қорғайтын немесе Қоғамдық бірлестіктің көмегімен қорғайтын сәттері Бірлестік жұмысында көптеп кездеседі. Ал бұл дегеніміз, «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы тәжірибе жүзінде жүзеге асатынының және тұтынуышының бұзылған құқын қорғауға және қалпына келтіруге болатынының дәлелі.
Құрметті тұтынушылар! Өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер және сауатты тұтынушы болыңыз!
Мақала «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ – мен «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің 2017 жылғы жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған.
 
«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031