Главная » Статьи » ОО "МОО по ЗПП" » Тұтынушыға жұмыстың орындалуының, қызмет көрсетілуінің сметасын талап етуіне болады, ал орындаушы оны жасақтауға міндетті

Тұтынушыға жұмыстың орындалуының, қызмет көрсетілуінің сметасын талап етуіне болады, ал орындаушы оны жасақтауға міндетті


Күнделікті өмірде кез-келген тұтынушы жеке өзіне, отбасына, үй-ішіне қажетті, кәсіпкерлікпен байланысты емес, әлдеқандай бір жұмысқа немесе қызметке тапсырыс беруіне тура келеді. Киімді химиялық тазарту, шаштараз қызметі, жүк тасымалы, пәтерді, автотұрақты, көлікті жөндеу, жеке үй салу, тамақ дайындау, банкеттерге тапсырыс беру, интернет дүкендеріне сатып алынған тауарларды жеткізу және т.б. Бұл тізімді одан әрі де жалғастыра беруге болады, себебі адамның қажеттілігіне шек жоқ.
Көп жағдайларда біз ұсынылатын жұмыстар мен қызметтердің қымбат екеніне қынжыламыз, бірақ амал қанша? Осыған көнуге тура келеді.
Алайда, жағдай соншалықты нашар емес. Заң шығарушылар біздің жайымызды да ескерген. ҚР «Тұтынуышының құқығын қорғау туралы» Заңына 2016 жылдың сәуірінде өзгерістер енгізілген, осыған байланысты тұтынушы тарапынан да, орындаушы тарапынан да орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің сметасы жасақталуы туралы талап қою мүмкіндігі көзделген. Бұл жерде тұтынушы немесе орындаушы талап етсе, смета міндетті түрде жасақталуы тиіс. Сметаны келісу кезінде орындаушының талаптары орынды ма, тұтынушының талабы заңды ма соны байқауға болады.
Осы жағдайда тұтынушы орындаушыға қосымша жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс бермеген болса, жұмысты орындаушы сметаға қосылмаған қосымша шығындар үшін қосымша ақы талап етуге құқысы жоқ.
Егер орындаушы тұтынушыны сметаның жоғарылайтыны жайлы ескертпеген болса, ол сметадан жоғары шығынды өтеуді талап етпей жұмысты орындап, қызметті көрсетуге міндетті.
Егер келісімшарт жасақталған соң материалдар ман жабдықтардың құны, орындаушыға қызмет көрсететін үшінші тұлғалардың қызметтерінің құны өсетін болса, ол кезде орындаушының келісілген сметаның сомасын жоғарылатуға құқы бар, ал егер тұтынушы бұл талапты орындаудан бас тартса, келісімшартты бұзуға құқылы.

Құрметті тұтынушылар, өз құқықтарыңызды біліңіздер және сапалы орындалған жұмыс пен қызметті алыңыздар!

Мақала «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ – мен «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің 2017 жылғы жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған.

 
«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031